Телефон шырылдайды. Трубканы жынды кетереді. Арғы жақтағы дауыс:
-22-22-22 ме?
Жынды:
— Жоқ, қателестіңіз, бұл 222-222.

    Бір күні бір жынды поезға мінеді. Біраздан соң поезд орнынан қозғалып, жолсерік билет тексеріп келеді. Жындының билетіп көрген ол:
    — Сіздің билетіңіз Ақтөбеге қарай, ал, бұл поезд Апматыға барады,- дейді.
    Аң-таң болған жынды:
    — Сонда машинист қате бағытқа бара жатқанын білмей ме?

      Мектепке жаңадан келген әдебиетші мұғалім 7 сыныпқа бірінші сабағын өткізуге барып отырып, шәкірттерге түсін суыта қарап:
      -Сендерге бірден ескертем: егер кім де кім дөрекі сөйлейтін бол- са, мен оның жағын айырып, тілін жұлып, көресісін көрсетемін ол иттің баласына!-депті.

        Қабылдауына келген жігітке дәрігер әйел:
        — Шешініңіз,-дейді тамағы ауырып отырғандықтан ақырын сөйлеп.
        — Сіз ше?-депті жігіт.

          Алдардың әйелі ауырып қалыпты да оны дәрігерге апаруды ұзақ- сынып, молдаға апарыпты. Молда әрі қарап, бері қарап:
          — Өзін өзі аурумын деп ойлап назданып отыр, ештеңесі де жоқ,- депті.
          Кешке Алдар әлгі молдаға келіп:
          — Молдеке, әйелім өзін өзі өлдіге санап назданып жатыр, дем ал- майды, жүрегі де соқпайды,-депті.

            Кинотеатр бастығының қасына бір көрермен келіп:
            — Басеке, темекі шегуге бола ма мүнда?-деп сұрайды.
            — Жоқ болмайды,-дейді бастық қатуланып.
            — Ау, жұрттың бәрі тартып тұр ғой.
            — Қайтейін олар менен рұқсат сұраған жоқ қой,-депті.

              Қонақүйдің 24-қабатындағы жындының бөлмесінің есігін тарсыл- датып үрып оны зорға оятқан адам:
              — Тез шық, өрт бар, қонақ үй жанып жатыр,-дейді.
              Жынды:
              — Жанса қайтейін, қонақ үйдің иесін оятпайсың ба, менің ұйқымды бұзғанша,-деп ашуланыпты.

                Әлде бір жаңа қазақ таң атысымен мейрамханаға жетіп келеді де: -Мен кеше осы жерден тамақтандым ба?- деп сұрайды даяшы- дан.
                — Иә, әбден тамақтандыңыз, әбден іштіңіз.
                — Ақысын төледім бе, әйтеуір?
                — Иә, 10 мың доллар төледіңіз.
                — Уф, жүрегім енді орнына түсті ғой. Мен соншалықты ақшаны «жо- ғалтып қойдым ба?» деп қорқып кетіп едім.

                  Студенттер асханасы:
                  — Апай бір порция манты беріңізші.
                  — О, жаңалық қой! Стипендия алдың ба?
                  — Жоқ, және бес қасық беріңіз.

                    Екі адам жегіш кездеседі:
                    — Хал қалай?
                    — Студентті ұстап алып едім, қазір үңгірге әкеліп пісіремін.
                    — Мен де біреуін ұстап алып, қазанға сапып жіберіп едім, қазан қай- нағанша картобын теріп жеп қойыпты.

                      Страница 1 из 212